БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
17
ақпан
2026

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Информатика кафедрасы мен Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі арасында жасалған әдістемелік жұмыс жөніндегі меморандум білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Аталған меморандумның негізгі мақсаты – екі білім беру ұйымы арасында тәжірибе алмасу, оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру, білім сапасын арттыру және болашақ мамандарды даярлауда өзара бірлескен жұмыстар жүргізу болып табылады.
Бұл ынтымақтастық жалпы орта білім беру мен жоғары білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етіп, инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалімдер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасап, білім алушылардың заманауи талаптарға сай білім алуына ықпал етеді.
Осы меморандум негізінде атқарылатын әдістемелік жұмыстар екі тарап үшін де тиімді нәтижелерге бағытталады.Осы орайда,лицей базасында Басқарма мүшесі -Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Жилбаев Жанбол Октябрович пен Информатика кафедрасының меңгерушісі Сулейменова Лаура Әскербековна,аға оқытушы Нурмухамедова Гулира Кенжеевналар келіп,дуальді оқыту бойынша жоспарланған жұмыстың нәтижесін талқылады.Лицей директоры Г.С.Абилдаева сөз алып,бірлескен жұмыстан берері көп нәтиже шығатынын атап айтты.Әдістемелік оқу орынбасары Ж.И.Сеитова тікелей жоспарғы жауапты маман тұрғысынан алдағы жоспарларды талқылап,тиянақтады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив