16
ақпан
2026
“ҮШБҰРЫШТЫҢ АУДАНЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9IT лицейінде Ильяс Сымбат Нурғалиқызы 8 «Ғ» сыныбында геометрия пәнінен ашық сабақ.
Тақырыбы «Үшбұрыштардың ауданы». Ашық сабақта үшбұрыштардың түрлерін, олардың қасиеттері мен белгілерін біле отырып үшбұрыштардың ауданын есептеуді үйренді.
ЖИ арқылы ашық сабақтың мақсатын әрі құндылықтарын оқушылармен таныстырды.
Түрлі әдіс-тәсілдер атап айтқанда «Викториналық сұрақтар», құндылықтарға негізделген «Асығың алшысынан түссін», топтық жұмысқа «Жасырын хат» тапсырмаларымен өткізілді. Сабақты логикамен байланыстырып, оқушыларға тәттілер табысталды. Ашық сабақтың қорытындылай келе балалар QR код арқылы кері байланыс жасады.
Бағалау жүргізіліп, үй тапсырмалары берілді.
Ашық сабақ өз деңгейде өтті





