ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫН САҚТАУЫН БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙД » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫН САҚТАУЫН БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙД
12
ақпан
2026

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫН САҚТАУЫН БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙД

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде  оқушылардың сыртқы келбеті мен ішкі мәдениетін қалыптастыру, лицей ережелерін сақтауға баулу мақсатында ауқымды тәрбиелік-профилактикалық рейд ұйымдастырылды.
📌 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың лицей формасын талапқа сай киюін қадағалау, жеке гигиена мен жинақылыққа тәрбиелеу, тырнақтарының тәртіпке сай болуын ескерту арқылы эстетикалық мәдениетін арттыру, жауапкершілік пен тәртіпке баулу болды.
Аталған рейдке ДТЖЖО Н. Р. Дусметова, аға тәлімгер Э. Ж. Султанбаева және педагог-ұйымдастырушы М. Б. Үсен қатысып, барлық сыныптарды аралап шықты. Әрбір сыныпта оқушылармен ашық әрі түсіндіру бағытындағы әңгімелер жүргізіліп, лицейдің ішкі тәртіп ережелерінің маңыздылығы, форманың білім ордасындағы тәртіп пен біркелкілікті қалыптастырудағы рөлі, ұқыпты сыртқы келбеттің тұлғалық мәдениетке әсері кеңінен түсіндірілді.
Рейд барысында талапқа сай киінген, жинақы әрі үлгілі оқушыларға алғыс білдіріліп, тәртіпті сақтау – әрбір білім алушының абыройы екені атап өтілді. Ал ескерту қажет болған оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өз келбетін ретке келтіру жолдары бойынша нақты ұсыныстар берілді.
✨ Бұл шара лицейімізде тәртіпке баулу, өзін-өзі құрметтеу, ұқыптылық, жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтарды нығайтуға бағытталды. Осындай жүйелі бақылау мен тәрбиелік жұмыстар оқушылардың саналы түрде ережеге бағынуына, мектеп мәдениетін жоғары деңгейде сақтауға ықпал етеді.
Лицей әкімшілігі алдағы уақытта да оқушылардың қауіпсіздігі мен мәдениетті сыртқы келбетін қамтамасыз етуге арналған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыратынын атап өтті. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив