05
ақпан
2026
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 180 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
04.02.2026 ж Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 8- сынып оқушылары қатысуымен қазақ халқының ұлы ақыны, жыршылық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті. Бұл мерейтой оның ел тарихында, әдебиетінде және мәдениетіндегі орнын еске алуға бағытталған. Жамбылдың мұрасы — қазақтың ауыз әдебиетінің дара құндылығы, ол өз заманының көрінісі және азаттық пен гуманизм идеяларының жырланған дауысы ретінде қала береді. Мерейтой оның өнері мен даналығы ұрпақтарға жетіп, елдің рухани күш-қуатын нығайтудағы рөлін насихаттауды мақсат етеді.
Ұйымдастырған: А.У.Турбекова, Ш.Т.Айдосова, Г.М.Надралиева







