22
қараша
2025
ШАБЫТ ЖОБАСЫ
Лицейімізде «Шабыт» жобасы аясында театр өнері жандануда!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде «Шабыт» жобасы аясында театр үйірмесі ерекше іс-шара өткізді. М.Дулатовтың 140 жылдығына орай, лицей үйірмесінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары “Міржақыптың бала күнгі арманы” және “Бақытсыз Жамал” көрінісінен үзінділерді сахналады.
Үйірме жетекшілері – Бектурова Л.Р., Белкешева М.Б., Айдарова Г.А., Салыбекова А.О., Турмухамедова Д.Б. – балалардың өнерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін ашуға үлкен үлес қосты.
Бұл шара оқушыларға тек сахналық шеберлікті емес, сондай-ақ қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларын түсіну, шығармашылықпен ойлау, өз ойларын ашық білдіру қабілетін дамытуға мүмкіндік берді. Балалар М.Дулатовтың көркемдік және рухани әлемімен танысып, оның өмірі мен шығармашылығын тереңірек түсінді.
Шығармашылық қабілеттері дамыған балалар сахнада өздерін сенімді сезінді.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінен алған білімдерін практикада көрсетті.
Әдеби мұраны құрметтеу, рухани-мәдени құндылықтарды ұғыну дағдылары қалыптасты.
Лицейімізде өнер мен білімнің бірлігін көрсеткен бұл іс-шара оқушылардың мәдениет пен шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, болашаққа сеніммен қадам басуына ықпал етті.
