РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ
14
қараша
2025

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ


«Балалар шығармашылығындағы Конституция» Республикалық сурет байқауының үздік жұмыстары
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейімізде «Адал азамат біртұтас. тәрбие жоспар аясында   балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, олардың құқықтық мәдениетін арттыру және Ата Заңның маңызын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған «Балалар шығармашылығындағы Конституция» Республикалық сурет байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы байқау еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды оқушылардың еңбектерін тоғыстырған бірегей алаңға айналды.
Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрметін қалыптастыру, бала құқықтарын қорғау идеяларын сурет тілімен жеткізу, өз Отанына деген сүйіспеншілікті көркем өнер арқылы бейнелеу болды. Әрбір ұсынылған жұмыс – балалық жан дүниенің шынайылығын, ой еркіндігін, әділдікке деген көзқарасын және еліміздің басты құжатымен таныстығын айқын көрсеткен ерекше туынды.
Балалардың салған суреттерінде ел бірлігі, тәуелсіздік, бейбітшілік, құқық пен бостандық, отбасы құндылығы, энергиясы мықты болашақ ұрпақ бейнесі, Қазақстанның дамуы мен жарқын келешегі көрініс тапты. Ата Заңымыздағы негізгі қағидалар – адам құқығының қорғалуы, әділдік, теңдік, заңның үстемдігі – баланың нәзік жүрегінен шыққан бояулар арқылы жаңаша әрі ерекше жеткізілді.
Үздік жұмыстар баланың өз ортасына, қоғамға, мемлекетке деген көзқарасын көрсетті. Бір суретте – Қазақстанның жарқын болашағын бейнелеген ашық аспан, екіншісінде – елдің көпұлтты бірлігін көрсететін бейнелер, енді бір туындыда – баланың қауіпсіз, білімді, бақытты өсу құқығының маңызы көрініс тапқан. Бұл суреттер балалардың құқықтық санасының деңгейін, олардың қоғам өміріндегі маңызды құбылыстарды түсіну қабілетін айқын дәлелдейді.
Байқауға қатысқан жас суретшілер Конституцияның тек заңдар жинағы емес, елдің тұрақтылығының негізі, әр адамның құқығын танитын құжат, әр баланың бақытты өмір сүруінің кепілі екенін өздерінің шығармашылық тілінде жеткізе білді.
Оқушылардың еңбектерін кәсіби қазылар алқасы жоғары бағалап, өнер туындыларынан балалардың елге деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімдері, ізгі ниеті айқын көрінетінін атап өтті. Үздік деп танылған жұмыстар оқушылардың шығармашылық деңгейін ғана емес, мемлекетіміздің рухани-адамгершілік құндылықтарының жас буын арасында берік қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
Бұл байқау – жас ұрпақты құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеудің, олардың дүниетанымын кеңейтудің, Отанға деген құрметті бейнелеудің тамаша мүмкіндігі. Осындай іс-шаралар балалардың азаматтық жауапкершілігін нығайтып, ел болашағына сенімін арттыратыны сөзсіз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив