31
қазан
2025
ӨНЕР МЕН ЭСТЕТИКА




Эстетика мен өнер тоғысқан шығармашылық күн 28 қазан 2025 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде күзгі демалыс жоспарына сәйкес Этика және эстетика кафедрасының мұғалімдері көркем еңбек және музыка пәндері бойынша оқушылармен мазмұнды үйірме жұмыстарын өткізді.
Балалар табиғи материалдармен жұмыс жасап, түрлі қолөнер бұйымдарын, күзгі көріністер тақырыбындағы коллаждар мен композициялар жасады.
Мұғалімдер әр оқушының қиялы мен талғамын ашуға мүмкіндік беріп, «еңбек пен өнер – рухани байлықтың бастауы» екенін түсіндірді.
Оқушылар түрлі әндер орындап, аспаптық сүйемелдеу арқылы өз қабілеттерін танытты. Бұл сәт – баланың рухани әлемін байытып, әсемдік пен гармонияны сезінудің ерекше үлгісі болды.
Іс-шара барысында оқушылар бойында:
өнерге және еңбекке сүйіспеншілік;
ұқыптылық пен талғампаздық;
ұжымдық рух пен өзіне сенімділік;
сұлулықты сезіну және бағалай білу қабілеті қалыптасты.



