06
қазан
2025
“ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ” АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ
"Тарих және география" апталығының ашылуы өтті. Апталық аясындағы биылғы тақырып – *"Ұлы Жібек жолының өткені мен бүгіні"* деп аталады. Бұл тақырып – ғасырлар бойы өркениеттер мен мәдениеттерді байланыстырған, Қазақстан жері арқылы өткен ұлы керуен жолының маңызын ұғынуға бағытталған.Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты жалғаған ең ірі сауда жолы ғана емес, ғылым мен білім, дін мен өнер, мәдениет пен дәстүр алмасқан ұлы өркениеттер арнасы болды. Қазақ жері – осы жолдың күретамыры саналып, Сайрам, Отырар, Тараз, Яссы (Түркістан) сынды қалалар арқылы талай керуен өткен.
Апталықтың ашылуында біз осы керуен жолының *базар көрінісін* сахналық қойылым арқылы көрсеттік. Қатысушылар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттықты, қолөнер мен мәдениетті, түрлі халықтардың өзара байланысын бейнелеп, тарихи атмосфераны жаңғыртты. Мұнда жібек маталар, дәмдеуіштер, зергерлік бұйымдар мен қолөнер туындылары ұсынылды. Оқушыларға тарих және география пәнінен сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар таратылды.





