23
мамыр
2025
"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!"








МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 23.05.2025ж. "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" тақырыбында мектеп бітірушілерге салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Абдраимова Майра Акимкуловна - білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің лицензиялау бөлімінің бас маманы;
Құрбанов Берік Сағатұлы - Шымкент қаласы Прокуратурасының прокуроры; Бойко Александр Иванович - полковник ҰҚК;
Сейдуалиев Руслан Оспанович - жалпы ата-аналар комитетінің төрағасы қатысты. Лицей түлектеріне кұтттықтау жылы лебіздерін лицей директоры Г.С.Абилдаева білдірді. Биыл 230 түлек лицейді бітіріп жатыр, оның ішінде 2 оқушы "Алтын белгі" белгісіне және 16 оқушы "Үздік аттестатқа" үміткерлер.
Шымкент қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан “Үздік мектеп – 2025” атағына лайық деп танылды!
Бұл – ұстаздар қауымының қажырлы еңбегі мен оқушылардың білімге деген құштарлығының айқын дәлелі. Лицей ұжымын осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

Осындай биік марапат – білім сапасының, тәртіп пен тәрбиенің және жаңашылдықтың нәтижесі!
