ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.05.2024 № 106 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.05.2024 № 106
01
тамыз
2024

ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.05.2024 № 106

      Білім беру ұйымдарын
 бағалау өлшемшарттарының
 2-қосымшасы


 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауына арналған өлшемшарттар

  

 р/с № 

Бағалау өлшемшарттары

Өлшеуіштер

Балдары

1

Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжаты бар педагогтердің үлесі (дәлелдеме құжаттары)

100 %

5

2

Біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырған/растаған педагогтердің (оның ішінде басшылардың үш жылда бір реттен сиретпей) үлесі (дәлелдеме құжаттары)

100 %

5

3

Үш жылда бір реттен сиретпей (оның ішінде басшы, басшы орынбасарларының) біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагогтердің үлесі (дәлелдеме құжаттары)

100 %

5

4

 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы  білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 тіркелген) сәйкес негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі

Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:

жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер - 55 %-дан жоғары, лицейлер - 60 %-дан жоғары, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 50%-дан жоғары

5

5

 Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылуы

100 %

5

6

 Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 тіркелген) сәйкес жағдай жасалуы (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу)

100 %

5

7

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13070 тіркелген), 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 тіркелген) сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендермен, оқу және көркем әдебиеттермен қамтамасыз етілуі

100 %

5

8

Білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуының сәйкестігі (топтар/сыныптар бөлінісінде)

100 %

5

9

Оқыту нәтижелері (білім, білік және дағды сапасын бағалау)

Компьютерлік тестілеудің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін бағыттар бойынша оң жауаптардың үлесі 85 %–дан 100 %-ға дейін құрайды

5

Компьютерлік тестілеудің қорытындысы бойынша барлық тестіленетін бағыттар бойынша оң жауаптардың үлесі 65 - 84 %-ға дейін құрайды

4

10

Білім алушылардың сауалнама нәтижелерін талдау

80 % -дан 100%-ға дейінгі респонденттер көрсетілетін білім беру қызметтерінің деңгейіне қанағаттанған

5

11

Педагогтердің сауалнама нәтижелерін талдау

80 % -дан 100% -ға дейінгіреспонденттер сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайдың жасалу деңгейіне қанағаттанған

5

12

Ата-аналардың (заңды өкілдер) сауалнама нәтижелерін талдау

80 % -дан 100%-ға дейінгі респонденттер білім алушылардың дайындық деңгейіне қанағаттанған

5

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив