Материалы за Қазан 2025 года » Страница 3 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қазан 2025 года » Страница 3
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЖЕҢІС КҮНІ!
20
қазан
2025
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЖЕҢІС КҮНІ!
Биылғы Республика күні аясында  Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты  Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейіміздің мақтанышы, 7 «Ж» сынып оқушысы Ермекова Сара зор жетістікке жетіп, ел абыройын асқақтатты! Сара құрамында болған Шымкент қаласының көркем гимнастика бойынша топтық командасы 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында ерекше өнер көрсетіп, ІІІ орын иеленіп, қола жүлдегер атанды! Бұл жеңіс – тек спорттық жетістік емес, жас ұрпақтың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігінің,
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ
20
қазан
2025
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ
Бүгін лицейімізде “Ұлттың ұлы қазынасы – тілі мен әдебиеті” атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының қорытынды кеші өтті. Апталық барысында оқушылар өздерінің тілге, әдебиетке деген құрметін, шығармашылық қабілеттерін, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Іс-шара барысында түрлі байқаулардың жеңімпаздары марапатталып, өнерлі оқушылар тамаша көріністер мен өлең-жырлар орындады. Апталықты жоғары деңгейде ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ
20
қазан
2025
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ
Лицейде құқықтық сағаттар мен кездесу ұйымдастырылды. Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  лицейімізде ДТІЖО Н. Р. Дусметова  және мектеп инспекторы Шакалак Жандаулет оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырды. Мектеп инспекторымен және кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесіп құқықтық сағаттар өткізілді.
«ӘКЕМЕН БІР КҮН» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
17
қазан
2025
«ӘКЕМЕН БІР КҮН» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«Әкемен бір күн» – отбасы құндылығының айнасы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде» ДТІЖО А.Р. Жарықбасовтың ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әкемен бір күн» атты тағылымды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасындағы әке тұлғасының тәрбиелік рөлін нығайту, жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық пен ізгілік қасиеттерін сіңіру. Кездесу барысында оқушылар мен әкелер еркін пікір алмасып,
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ “ АПТАЛЫҒЫ
17
қазан
2025
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ “ АПТАЛЫҒЫ
“Ұлыстың ұлы қазынасы – тілі мен әдебиеті” апталығы аясында іс-шара өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында “Салт-дәстүр – қазақтың рухани байлығы” атты танымдық іс-шара өтті. Мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын таныту, салт-дәстүрге деген құрметті арттыру. Іс-шараны ұйымдастырған:  А.А. Туйешиева  М.З. Мажитбекова  Д.Ж. Байжанова  Г. Н.Халбаева
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫ
17
қазан
2025
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫ
                   15.10.2025 Ө.Жолдасбеков атындағы 9 ІТ лицейде “Ұлттың ұлы қазынасы - тілі мен әдебиеті” әдістемелік апталығында жоғары сынып оқушылары мен қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында О.Қарабалинаның “ Ұстаз бақыты” шығармасынан сахналық қойылым көрсетті.     Оқушылар ұстазына деген сүйіспеншілік, құрмет және алғыс сезімдерін өте табиғи жеткізді. Олардың әңгімелері, монологтары мен әрекеттері арқылы ұстаздың тек сабақ ғана емес, тәрбие мен жан
“ ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН” ЖОБАСЫ
15
қазан
2025
“ ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН” ЖОБАСЫ
  «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында – «Күзгі асар» қолөнер жәрмеңкесі Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде еңбек пен ізгілікті дәріптейтін ерекше шара – «Күзгі асар» қолөнер жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында ұйымдастырылып, бастауыш буын – 1–4 сынып оқушыларының қолынан шыққан ерекше туындылар көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл жәрмеңке – тек әдемі бұйымдар көрмесі ғана емес, ең алдымен еңбекқорлық, адалдық, ұжымдық
ЛИЦЕЙ АСХАНАСЫНЫҢ АС МӘЗІРІ
15
қазан
2025
ЛИЦЕЙ АСХАНАСЫНЫҢ АС МӘЗІРІ
Лицей асханасының төртінші аптасының ас мәзірі
ЛИЦЕЙ АСХАНАСЫНЫҢ АС МӘЗІРІ
15
қазан
2025
ЛИЦЕЙ АСХАНАСЫНЫҢ АС МӘЗІРІ
Лицей асханасының үшінші аптасының ас мәзірі 
ЛИЦЕЙ АСХАНАСЫНЫҢ АС МӘЗІРІ
15
қазан
2025
ЛИЦЕЙ АСХАНАСЫНЫҢ АС МӘЗІРІ
Лицей асханасының екінші аптасының ас мәзірі