АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
02
мамыр
2026

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 30.04.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында    Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна  және  Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен  8 “А”сыныптын  жетекшісі Айдосова Шынар Тасбековнаның ата-аналарымен өткізілген жиналыстың тақырыбы:”Өмір-таңдау,әр қадам - жауапкершілік”.Мақсаты:
Адам өміріндегі таңдау мен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, әр әрекеттің салдары болатынын ұғындыру.
 Адам өмірі – үздіксіз таңдау жасаудан тұратын күрделі үдеріс екенін ата - анамен бала тәрбиесіндегі өмірден қызықты сәттерімен бөлісіп , терең мағыналы дөңгелек үстел өтілді. ДТЖЖО Асилова Алима Түймеханқызы өз сөзінде: Күнделікті қарапайым шешімдерден бастап, тағдырды айқындайтын маңызды қадамдарға дейін барлығы біздің болашағымызға әсер етеді. Әр таңдау – белгілі бір жауапкершілікті талап етеді.
Жауапкершілік – адамның жасаған ісіне есеп бере алуы, оның салдарын қабылдай білуі. Егер адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қараса, ол қателіктерден сабақ алып, дұрыс жолды таңдай алады. Ал жауапкершіліктен қашу – өмірде қиындықтарға әкеледі.
Қазіргі қоғамда дұрыс таңдау жасау үшін адамға білім, тәрбие, және саналы ойлау қажет. Себебі әр қадам тек жеке өмірге емес, айналадағы адамдарға да әсер етеді деп өз ойын ортаға салды.
Үйірме жетекшісі Мошкалова Л.Д ата-аналармен маңызды сұрақтарды талқылады. 
1. Балаңыздың өміріндегі маңызды шешімдерді кім қабылдайды? 
2. Сіз балаңызға қателесуге мүмкіндік бересіз бе? 
3. Сіздің балаңыз сізбен ашық сөйлесе ала ма? 
4. ⁠     Өз балаңызды өзге балалармен салыстырасыз ба?
Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, сенім және қолдаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.Әр бір жағдаяттан шығу жолдары бойынша ата-ана педагогикалық тұрғыдан кеңес ала алды.
 Жиналыс  барысында үйірме жетекшісі Абенова Ж.А “Таңдау сызығы” атты жаттығу өткізді. Бұл жаттығу арқылы қатысушылар өмірдегі түрлі жағдайларда таңдау жасау және оның салдарын түсіну дағдыларын талқылады.
Қорытынды:
   Родителям баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында дұрыс таңдау жасауға бағыт беру және оған жауапкершілік жүктеу маңызды екенін көрсетті. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы ашық қарым-қатынас пен сенімнің рөлі ерекше екені атап өтілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив