28
мамыр
2026
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК АРАЛЫҚ ЕМТИХАН
Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінде 2026 жылғы 26 мамыр күні 5, 6, 7-сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік аралық емтихан жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Емтиханның негізгі мақсаты – білім алушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтап, олардың оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағдыларын бағалау болды.
Емтихан барысында оқушылар берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өз білімдерін көрсете білді. Білім алушылар тыңдалым, оқылым, жазылым және тілдік сауаттылық бағыттары бойынша тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Емтихан жұмыстары бекітілген талаптар мен ережелерге сәйкес, ашықтық пен әділдік қағидаттарын сақтай отырып өткізілді. Пән мұғалімдері мен бақылаушылар тарапынан оқушыларға барлық қажетті жағдай жасалды.
Осындай маңызды білім сынағында оқушыларымызға сәттілік тілеп, алдағы уақытта да жоғары нәтижелер мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.




