ЖЕҢІСІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ХАНСҰЛТАН!
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейдің оқушысы Хансұлтан Ердос халықаралық аренада ел мерейін үстем етті! Абу-Даби төрінде өткен AJP Tour халықаралық жарысында І орынға ие болып, алтын жүлдені қанжығасына байлады! Жас спортшымызды осы жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — табандылықтың, тынымсыз еңбектің және жеңіске деген жігердің нәтижесі. Жеңістерің көп, алар асуларың биік болсын, Хансұлтан! Лицейіміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтере бер!