РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС !
06
қазан
2026

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС !

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицей ұжымы информатика пәнінің мұғалімі Тлеубаева Ақтолқын Жарылқасынқызын «Үздік педагог – 2026» республикалық байқауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтайды!
🇰🇿 Еліміздің барлық өңірінен 1124 педагог қатысқан ауқымды байқауда Ақтолқын Жарылқасынқызы жоғары нәтиже көрсетіп, 35 балл жинап, жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен педагогикалық еңбегі жоғары бағаланып, ол Қазақстан Республикасы Педагогтер қоғамының «Ы. Алтынсарин» қоғамдық наградасына ұсынылды.
✨ Бұл — ұстаз еңбегінің еленуі, кәсіби ізденістің және үздіксіз дамудың жарқын нәтижесі!
Құрметті Ақтолқын Жарылқасынқызы!
Сізді лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Әрбір жетістігіңіз жаңа белестерге бастасын. Сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби толағай табыстар және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив