04
қараша
2025
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА ТУРНИРІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің мақтанышы 4 «Д» сынып оқушысы Мелдеш Раяна халықаралық көркем гимнастика турнирінде жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды! 
Бұл жетістік – жас спортшының табандылығы мен еңбекқорлығының, ұстаздар мен ата-анасының қолдауының айқын жемісі. Көркем гимнастика – сұлулық пен сымбатты, икем мен үйлесімділікті талап ететін күрделі спорт түрі. Ал Раяна осы қасиеттердің барлығын бойына сіңіріп, өнер мен тәртіпті ұштастыра білді. 
Оқушымыздың жеңісі лицейіміздің абыройын арттырып қана қоймай, «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын іс жүзінде дәлелдеді.
Біз Раянамен мақтанамыз! 
Жарайсың, Раяна!
Жаңа белестер мен жеңістерге жете бер!

