Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің педагог- психологы Ә.Б. Бектаева 1, 5, 9 және 11 сынып ата-аналарына психологиялық кеңестер берді.
1 сынып - бала өміріндегі ең үлкен қадамдардың бірі. Баланың әрбір жетістігі - үлкен қуаныш! Бұл кезеңде ата-ананың қолдауы ерекше маңызды. Осыған орай ата-аналарға мектепке жаңадан қадам басқан оқушылардың өзіне тән ерекшеліктері мен оқушылардың жаңа ортаға, жаңа талаптар мен жаңа ережелерге бейімделуіне байланысты психологиялық кеңестер берілді.
5 сынып - бастауыш буыннан негізгі мектепке өтудің кезеңі. Бұл кезеңде балалар жаңа пәндермен, жаңа мұғалімдермен, жаңа талаптармен бетпе-бет келеді. Сондықтан 5 - сынып оқушы өміріндегі ең жауапты әрі бейімделуі күрделі сыныптардың бірі. Ата-аналарға бұл кезеңнің ерекшеліктері мен олардың қолдауы, жылы сөздері, қамқорлығы мен шыдамдылығы балаға үлкен демеу болатыны туралы түсіндірілді.
9-11 сынып оқушылары ата-аналары үшін қазіргі жас түлектердің өміріндегі маңызды кезеңде ата-аналардың қолдауын күшейту, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту тақырыбы аясында кеңестер берілді. 9-11-сынып оқушылары үшін ата-аналардың қолдауы өте маңызды, себебі бұл кезең – баланың өміріндегі шешуші сәттердің бірі.
Тренинг барысында ата-аналар балаларының бейнесін қағазға сурет ретінде салып, олардың мүсінін қағаздан жасап, балаларына деген сүйіспеншілігі артты.
Балаларымыздың мектепке қуана келіп, жақсы оқуы - бәріміздің ортақ мақсатымыз!