“АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР
30
желтоқсан
2025

“АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР

29.12.2025 жылы лицейімізде сынып жетекшілеріне арналған мазмұнды әдістемелік лицейішілік семинар өтті.
 Семинар барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары тақырыбы жан-жақты талқыланды.
Кездесу мақсаты – оқушыларға тәрбие беруде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды тиімді сіңіру, сынып тәрбие сағаттарының мазмұнын байытып, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын ортаға салу болды.
Сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізудің тиімді формалары, интерактивті әдістері, құндылыққа негізделген тапсырмалар мен өмірмен байланысты мысалдар арқылы тәжірибелерімен бөлісті.
Атап айтқанда,ДТЖЖО  Дусметова Н.Р.сөз бастады , Уразымбетова Л.Ж., Федулова М.С. өздерінің сыныптарында жүргізіп жүрген тәрбие жұмыстарының нәтижелерімен, оқушы бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы әдістемелік ұстанымдарымен бөлісті.
Кездесу соңында лицей психологы Пузанкова Е. мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында педагогтардың эмоционалдық күйін тұрақтандыру, кәсіби күйзелістің алдын алу, ұжымдағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі тану мен ішкі ресурстарды ашуға бағытталған практикалық жаттығулар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара педагогтардың кәсіби дамуына серпін беріп, «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмыстарының сапасын арттыруға, біртұтас көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
Осындай мазмұнды кездесулер арқылы лицейімізде тәрбие жұмысы жүйелі түрде жүзеге асырылып, жас ұрпақты саналы, жауапты, адал азамат етіп тәрбиелеу басты құндылық ретінде айқындалуда. 🌱
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив