Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінде "Балалар жылына" арналған "Соңғы қоңырау" салтанатты іс-шара өтті. Іс -шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы; Шымкент қаласы білім басқарма басшы орынбасары Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы; Шымкент қаласы білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің меңгерушісі Уалиханова Кульзина Ерсеитовна; лицейдің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Отыншиев Батырбек Жамалбекович; Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі қоғамдық бірлестігінің филиалы- Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы Жандосова Баян Айтбековна; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің "Химия және химиялық технология негіздері" кафедрасының профессоры Назарбекова Сауле Полатовна; жалпы ата-аналар комитетінің төрайымы Жазықбаева Жанетта Канаевна; Ауған соғыс ардагері Сеитов Бақтияр Пазылакович; ардагер - ұстаздар Терещенко Евгения Григорьевна және Шакова Надежда Марковна; 2019 жылдың лицей Президенті, жас кәсіпкер Бартекеев Бекмырза қатысты. Іс-шара барысында лицейдің 11 сынып түлектері, өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері лицейге жылы лебіз сөздерін жолдады. "Алтын белгі" белгісінің үміткерлері 11 сынып оқушылары атынан лицейде алған білімдерін Жаңа Қазақстанның көркеюіне үлес қосуға және саналы ұрпақты жалғастыруға салтанатты түрде ант берді. Салтанатты іс-шараға қатысқан оқушылар мен ата-аналар түлектер вальсін тамашалады.