Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейіне 04.05.2022 жылы "Балалар жылы" аясында Түркістан облысы жұмысымен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының № 4 "Тасарық" арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиенушілері ҚР Қарулы Күштері күніне және Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамен арнайы келді. Лицей Парламентінің мүшелері және белсенділер балалармен бірге әңгімелесіп, достастық қарым-қатынас орнатты.