01
қазан
2026
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЛИЦЕЙІШІЛІК ЖАРЫС
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Ұлттық мектеп лигасы» аясында үстел теннисінен лицейішілік жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс 5–6, 7–8 және 9–11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Спорттық дода барысында оқушылар өзара бақ сынасып, шапшаңдықтары мен ептіліктерін, техникалық шеберліктері мен спорттық дайындығын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар анықталып, марапатталды. 
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен спортқа деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! 
Жарысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ижанов К.Ж. және Құрбанбекова З.М. ұйымдастырып, өткізді.


