01
қазан
2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ» АШЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру және қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру мақсатында «Таза Қазақстан – таза болашақ» тақырыбында ашық экологиялық сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға «Таза Қазақстан» бастамасының мәні түсіндіріліп, тазалықтың тек айналаны жинаудан ғана емес, әр адамның күнделікті мәдениеті мен жауапты әрекетінен басталатыны айтылды. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, туған жерді қадірлеу, қоршаған ортаға зиян келтірмеу – бүгінгі жас ұрпақтың маңызды азаматтық ұстанымдарының бірі екені атап өтілді.
Сабақты биология пәні мұғалімі Кенжехан Ақжелең Бектұрғанқызы 9 «И» сынып оқушыларымен бірлесе ұйымдастырып, мазмұнды түрде өткізді.
Таза болашақ – бүгінгі жауапты ұрпақтың қолында!




