01
қазан
2026
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АИТВ/ЖИТС ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 10-сынып оқушыларына АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық және денсаулыққа жауапкершілік туралы маңызды ақпараттар берілді.
Жиынға Джарасбай Азамат Қанатбекұлы қатысып, ұйымдастырған ДТЖЖО А.Т.Асилова оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жауап алды.




