28
қыркүйек
2026
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ата-аналар лицейдегі оқу-тәрбие үдерісімен танысып, пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, балаларының оқу үлгерімі мен жетістіктері туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, лицей психологтары ата-аналарға арналған шағын психологиялық тренингтер өткізіп, балаға қолдау көрсету, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша пайдалы кеңестер берді.
Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мұғалімдерден қажетті ақпараттар алды. Кері байланыс барысында ата-аналар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, лицеймен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
Белсенді қатысып, қолдау білдірген ата-аналарымызға алғыс білдіреміз!






