26
қыркүйек
2026
“ ТАҢДАУ. ЖАУАПКЕРШІІЛК. ҚАУІПСІЗДІК ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбекқызы, Абенова Жазира Абдимомынқызы 10 «А» сынып оқушыларымен «Таңдау. Жауапкершілік. Қауіпсіздік» тақырыбында практикалық психологиялық сабақ өткізілгенін баяндады.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың жеке қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білуге, өз таңдауының салдарын алдын ала ойлауға және қабылдаған шешімі үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақ барысында оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін практикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
• «Үш жол» жаттығуы арқылы оқушылар әртүрлі өмірлік жағдаяттарды «Қауіпсіз», «Ойлану керек», «Қауіпті» бағыттарына ажыратып, өз таңдауын түсіндіруге дағдыланды;
• «Қауіпсіздік қалқаны» жаттығуында оқушылар өздерінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі ережелерді, қорғану жолдарын, сенімді адамдар мен көмекке жүгіну тәсілдерін анықтады;
• өмірлік жағдаяттарды талдау барысында «Таңдау → шешім → салдар → жауапкершілік» байланысына назар аударылды;
• сабақ соңында «Бүгін мен түсіндім...» кері байланысы жүргізіліп, оқушылар сабақтан алған әсерлерін, өздері үшін маңызды болған ойларын және қауіпсіздікке қатысты түсініктерін ортаға салды.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, ұсынылған жағдаяттарға өз көзқарастарын білдірді. Практикалық тапсырмалар арқылы қауіпсіз шешім қабылдаудың маңыздылығын түсініп, кез келген таңдаудың белгілі бір нәтижесі мен жауапкершілігі болатыны туралы қорытынды жасады.


