ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ
19
қыркүйек
2026

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 15.09.2026 жыл күні оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 7 «З» сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесуге ДТІЖО Н.Р.Дусметова, лицей инспекторы қатысып, оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, құқықбұзушылыққа алып келетін әрекеттердің салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹 Кездесу барысында оқушыларға әрбір әрекеттің жауапкершілігі бар екені, заңды білу ғана емес, оны құрметтеу де азаматтық мәдениеттің маңызды бөлігі екені түсіндірілді.
🔹 Сонымен қатар оқушыларды өз құқығын білуге, өзгенің құқығын құрметтеуге, жауапты шешім қабылдауға, жанжал жағдайында дұрыс әрекет етуге және қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырды.
Мұндай профилактикалық кездесулердің басты мақсаты – оқушыны жазалау емес, құқықбұзушылықтың алдын алып, саналы таңдау жасауға бағыттау. Өйткені қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыру – мектеп, ата-ана, құқық қорғау органдары және оқушының ортақ жауапкершілігі.
📌 «Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, жауапкершілікті сезіну – өз болашағыңды қорғау!»
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив