БІЛІМ КҮНІ АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЛІМ КҮНІ АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ
02
қыркүйек
2026

БІЛІМ КҮНІ АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ

1 қыркүйек – Білім күніне орай Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 1–11 сынып оқушыларына арналған бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Биылғы оқу жылының алғашқы тәрбие сағаттары «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбына арналды.
Сынып сағаттарының барысында білім алушыларға Конституцияның мемлекет өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң мен тәртіпті құрметтеу, ел алдындағы жауапкершілік туралы түсініктер берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, «Адал азамат қандай болуы керек?», «Менің құқығым және міндетім», «Жауапты қоғамды қалыптастыруға мен қандай үлес қоса аламын?» бағыттарында пікір алмасты.
1–4 сынып оқушылары үшін тақырып жас ерекшеліктеріне сай қызықты ойындар, сұрақ-жауаптар, шығармашылық тапсырмалар арқылы түсіндірілсе, 5–11 сыныптарда ашық пікірталас, талқылау және ой бөлісу форматтары қолданылды.
Сонымен қатар сынып сағаттарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына назар аударылып, оқушыларды отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және білімге ұмтылуға тәрбиелеу мәселелері қамтылды.
Жаңа оқу жылының алғашқы тәрбие сағаттары оқушыларға білім алудың маңызын түсіндіріп қана қоймай, өз құқықтары мен міндеттерін білетін, елінің болашағына жауапкершілікпен қарайтын білімді, адал әрі саналы азамат қалыптастыруға бағытталды.
✨ Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктердің бастауы!
Барша лицей оқушыларына жаңа оқу жылында биік белестер, толағай жетістіктер және жарқын жеңістер тілейміз! 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив