26
тамыз
2026
“КОНФЛИКТІНІ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ “ ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒЫТТАҒЫ ТРЕНИНГ

Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде педагогтерге арналған «Конфликтіні тиімді шешу жолдары» тақырыбында мазмұнды әрі тәжірибелік бағыттағы тренингті педагог-психолог мамандары Мошкалова Л.Д және Абенова Ж . А өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты : Оқушы, мұғалім және ата-ана арасында туындайтын конфликтілік жағдайлардың алдын алу, олардың себептерін анықтау және жанжалды жағдайларды тиімді, сабырлы әрі конструктивті түрде шешу жолдарын үйрету. Сонымен қатар педагогтердің эмоционалдық тұрақтылығын, коммуникативтік дағдыларын жетілдіру, өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптастыру.
Тренинг барысында қатысушылар:
Тренинг барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі өмірлік және кәсіби жағдаяттарды талдау арқылы мәселені әр қырынан қарастыруға мүмкіндік алды. Қатысушылар үшін әсіресе психологиялық жаттығулар және пікір алмасу жұмыстары қызықты өтті.


