05
маусым
2026
“МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ЕЛДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Мемлекеттік рәміздер елдің халықаралық беделін қалыптастырады» тақырыбында дебат ойындары өткізілді.
Тен александр,Сейдаметов Руслан,Ауез Жансель,Гостевская Варвара,Жарылқасын Жансұлу,Бя Ханна.9-11 сыныптары арасында.Оқушыларымыз Үкімет пен Оппозиция тараптарынан осы мәселе жан жақты көзқарастарын білдірді.Жетекшісі Оспанова Молдир Сайпымаликовна.
Еліміздің мақтанышы Ұлттық рәміздерімізді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттік рәміздер – кез келген тәуелсіз мемлекеттің егемендігін, бірлігін және ұлттық құндылықтарын айқындайтын басты белгілер. Оларға Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Бұл рәміздер халықтың тарихын, мәдениетін және рухани болмысын бейнелей отырып, елдің халықаралық аренадағы беделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туындағы көгілдір түс – бейбітшілік пен бірліктің, алтын күн мен қыран – еркіндік пен болашаққа ұмтылыстың белгісі. Елтаңбадағы шаңырақ халықтың ынтымағын білдірсе, Әнұран елге деген мақтаныш сезімін оятады. Осы рәміздер арқылы Қазақстан өзін бейбітшілікті қолдайтын, тәуелсіз әрі дамушы мемлекет ретінде әлемге танытып келеді.



