01
маусым
2026
“СПОРТ- ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ” ОҚУШЫЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Спорт – денсаулық кепілі» күні өтті 

2026 жылғы 29 мамыр күні Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде жазғы лагері аясында оқушылардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған «Спорт – денсаулық кепілі» атты күндік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын сақтау, дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және жазғы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру арқылы өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
Күн тәртібі бойынша өткізілген жұмыстар:
Балаларды қабылдау
Бой жазу жаттығулары
«Музыкалық сағат» (отряд әндерін үйрету)
«Тәтті шай» – жеңіл ас ұйымдастыру
«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында мектеп дәрігерінің әңгімесі
«Армандар орындалады» – оқушылардың тілектер жазуы
Үйге қауіпсіз қайту


