26
мамыр
2026
“ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесуге Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ бастығы, полиция полковнигі Е. Қайыпов, Әл-Фараби АПБ ҚҚБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Д. Бекболатұлы және полиция капитаны, лицей инспекторы Ж.Қ. Шахалақ, лицей директоры Г.С.Абилдаева қатысты.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, алаяқтық сияқты заңға қайшы әрекеттер, нашақорлыққа жол бермеу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға мұндай әрекеттердің салдары, жауапкершілігі және заң алдындағы тәртіп туралы нақты ескертулер айтылды.
Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ұстану және адал азамат болу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



