14
мамыр
2026
«25 МАМЫР – СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» ҚАРСАҢЫНДА 11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылдың 13 мамыр күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен «25 мамыр – Соңғы қоңырау» мерекесіне байланысты қауіпсіздік және құқықтық түсіндіру бағытында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ КҚБ ЮПИ полиция капитаны, лицей инспекторы Ж.Қ. Шахалақ, лицей директоры Г.С. Абилдаева, ДТЖЖО А.Т. Асилова, Н.Р. Дусметова, 11-сынып жетекшілері мен ата-аналар қатысты.
Кездесу барысында соңғы қоңырау және мектеп бітіру іс-шаралары кезіндегі қауіпсіздік талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі, қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау мәдениеті, зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері де назарға алынды.
Жиналыс барысында автокөлік кортеждерін ұйымдастыруға, заңсыз қаражат жинауға, су айдындары мен қауіпті аймақтарға баруға, рұқсат етілмеген орындарда мерекелік кештер өткізуге жол бермеу жөнінде ескертулер айтылды. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналарға балаларының бос уақытын бақылауда ұстау қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, интернеттегі алаяқтықтан сақтану, белгісіз парақшалар мен қауіпті контенттен қорғану туралы маңызды ақпараттар берілді. Көлікпен жүру кезіндегі қауіпсіздік талаптары, жол ережелерін сақтау және жауапкершілік мәселелері де кеңінен талқыланды.
Жиналыстың басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерін қауіпсіз, мәдениетті әрі тәртіп аясында өткізуіне ата-аналармен бірлесе жауапкершілікпен қарау.
Лицей әкімшілігі тарапынан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.






