ЖАСТАР -ЕЛ БОЛАШАҒЫ ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
мамыр
2026

ЖАСТАР -ЕЛ БОЛАШАҒЫ !


Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде жасөспірімдерге арналған тағылымы мол, тәрбиелік мәні жоғары кездесу ұйымдастырылды.
🏛 Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Болашағың — өз таңдауың» атты тренинг өтілді. Тренингтің негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және өмірлік дұрыс таңдау жасауға бағыт беру.
👩‍⚕️ Кездесуді «Ай-Ару» психологиялық орталығының директоры, психоанализ бағытындағы психолог Абдрахманова Зулипа Азреталиевна жүргізіп, оқушылармен еркін форматта пікір алмасты. Тренинг барысында өмірлік құндылықтар, адамның ішкі таңдауы, орта әсері, зиянды әрекеттерден аулақ болудың жолдары жайлы маңызды ойлар айтылды.
💬 Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейдегі сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың саналы, білімді әрі жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
🌿 «Болашақ — бүгінгі таңдаудан басталады!»
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив