«ІЗГІЛІК ТОЛҚЫНЫ #QamqorBol» – МЕЙІРІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ БАСТАР МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ІЗГІЛІК ТОЛҚЫНЫ #QamqorBol» – МЕЙІРІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ БАСТАР МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
29
сәуір
2026

«ІЗГІЛІК ТОЛҚЫНЫ #QamqorBol» – МЕЙІРІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ БАСТАР МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2026 жылғы №10-08-07/3094 хатына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасынақарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТлицейінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 21 сәуір күні балалар мен жасөспірімдер арасында жануарларға деген адамгершілік және жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған «Ізгілік толқыны #QamqorBol» республикалық челленджі өткізілді.
Аталған челлендж – тек бір күндік шара емес, бұл өскелең ұрпақтың жүрегіне мейірім ұялатып, табиғат пен тіршілік иелеріне жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыратын маңызды тәрбиелік бастама. Қазіргі қоғамда экологиялық сана мен этикалық құндылықтарды дамыту – аса өзекті мәселелердің бірі. Осы ретте «Ізгілік толқыны» челленджі оқушыларды жануарларға қамқорлық көрсетуге, олардың құқықтарын құрметтеуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.
Челлендж барысында оқушылар түрлі форматтағы іс-шараларға белсенді қатысты: 🔹 жануарларға қамқорлық жасау акциялары
🔹 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
🔹 әлеуметтік желілерде ізгілікке шақыратын бейнероликтер мен жазбалар жариялау
🔹 шығармашылық жұмыстар мен флешмобтар
Бұл бастама арқылы балалар тек теориялық білім алып қана қоймай, нақты іс-әрекет арқылы мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік сияқты маңызды адами қасиеттерді бойларына сіңірді.
💚 «QamqorBol» – бұл ұран ғана емес, бұл – әр адамның өмірлік ұстанымына айналуы тиіс құндылық.
Жануарларға деген ізгілік – адамның ішкі мәдениетінің айнасы. Ал бүгінгі жас ұрпақтың санасына осы құндылықтарды сіңіру – жарқын болашақтың кепілі.
🌱 Бірге мейірімді қоғам қалыптастырайық!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив