27
сәуір
2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛЕ АЛМАУ (ДЕЗАДАПТАЦИЯ) – ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде ағымдағы жылдың 25 сәуір күні «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 9–10 сынып оқушыларымен «Мектепке бейімделе алмау (дезадаптация): құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында құқықтық тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың мектеп ортасына бейімделу деңгейін арттыру, психологиялық қиындықтардың алдын алу және құқықбұзушылыққа алып келетін факторларды болдырмау болып табылады.
Сабақ барысында оқушыларға дезадаптация ұғымы, оның пайда болу себептері мен салдары жан-жақты түсіндірілді. Құқықтық тәрбие сағатын өткізген – Ергеш Батыр Шақшанбайұлы. Сонымен қатар, жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі қиындықтар, олардың мінез-құлқына әсер ететін факторлар және мұндай жағдайлардың құқықтық салдары туралы ақпарат берілді.
Оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, өз ойларын ортаға салып, мәселені шешу жолдарын ұсынды. Бұл олардың жауапкершілік сезімін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

