17
сәуір
2026
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ “ БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 15.04.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен .
7 «Ә» сынып жетекшісі Есетова Гульдана Мухаметияровна мен «Бала қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналарға тәрбие сағаты өткізілді.
Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі ата-аналарға «Бала қауіпсіздігі» тақырыбындағы тренинг сабақтарының мақсаты мен маңыздылығы туралы айтып өтті. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ананың рөлі, үй мен мектеп арасындағы байланыс, баланың психологиялық жағдайына көңіл бөлу қажеттігі түсіндірілді.
Екінші мәселе бойынша пән мұғалімдері сөз алып, әр оқушының сабақ үлгерімі, жетістіктері мен кемшіліктері туралы толық мәлімет берді. Кейбір оқушылардың оқу мотивациясын арттыру, үй тапсырмаларын уақытылы орындау мәселелері қозғалды.
Үшінші мәселе бойынша үйірме жетекшісі Абенова Жазира Абдимомынқызының ата-аналармен «Алақандағы алма» атты психологиялық жаттығу өткізді. Жаттығу барысында ата-аналар баламен қарым-қатынастың маңыздылығын түсініп, өз ойларымен бөлісті. Үйірме жетекшісі Мошкалова Лаззат Демесбековна оқушылардың «Өмір ағашы» тақырыбында салған суреттері ата-аналарға таныстырылып, әр баланың ішкі жан дүниесі мен арман-мақсаттарын бейнелейтіні түсіндірілді.




