13
сәуір
2026
“ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ ЖЕКЕ ГИГИЕНАСЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 5–6 сынып оқушы қыздарына арналған «Қыз балалардың гигиенасы мен денсаулығының негіздері» тақырыбында мазмұнды түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жасөспірім қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде орын алатын физиологиялық және психологиялық өзгерістер туралы дұрыс әрі ғылыми негізделген ақпарат беру, жеке бас гигиенасын сақтау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
Түсіндірме барысында оқушыларға қыз балалар ағзасында болатын өзгерістер, олардың қалыпты үрдіс екендігі, жеке гигиенаның маңызы, күнделікті күтім ережелері, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қыз балалардың өзін-өзі күту мәдениеті, ұқыптылық, тазалық, денсаулықты сақтау жолдары туралы пайдалы кеңестер берілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Бұл өз кезегінде олардың сенімділігін арттырып, ашық диалог орнатуға мүмкіндік берді.
Аталған жұмыс «Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, өскелең ұрпақтың дені сау, саналы, тәрбиелі болып қалыптасуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.




