ТӘРТІП ПЕН ҰҚЫПТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘРТІП ПЕН ҰҚЫПТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
31
наурыз
2026

ТӘРТІП ПЕН ҰҚЫПТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ

Жаңа тоқсанның басталуына орай лицейімізде оқушылардың лицей формасын сақтау мәдениетін қалыптастыру, ішкі тәртіп ережелерін нығайту және білім алушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында арнайы рейд жұмыстары жүргізілді.
Аталған бақылау жұмыстарына директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н. Р. Дусметова және директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары И.О.Майлыбай жетекшілік етті.
Рейд барысында оқушылардың:
лицей формасын талапқа сай киюі;
сыртқы келбетінің ұқыптылығы;
лицейдің ішкі тәртіп ережелерін сақтауы;
жалпы мәдениеті мен тәртіп деңгейі жан-жақты назарға алынды.
Тексеру нәтижесінде білім алушыларға лицей формасының маңыздылығы, оның тәртіп пен бірізділікті қалыптастырудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, лицей формасы – оқушының тек сыртқы келбеті ғана емес, оның білім ордасына деген құрметінің, жауапкершілігінің және өзіндік мәдениетінің айқын көрінісі екендігі атап өтілді.
Мұндай рейдтік жұмыстардың негізгі мақсаты – жазалау емес, керісінше, оқушылардың санасына тәртіп пен ұқыптылықтың құндылығын сіңіру, лицей мәдениетін қалыптастыру және білім беру үдерісінің сапасын арттыру болып табылады.
🎯 Тәртіп – табысқа бастар жол, ал ұқыптылық – тұлғалық дамудың айнасы.
Лицейімізде оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған тәрбие жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив