27
наурыз
2026
19-НАУРЫЗ ЖАҢАРУ КҮНІ
Наурызнама онкүндігі аясында Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Лицей аумағында өткен игі іс-шара барысында 2001 жылғы түлектер сыйға тартқан арша ағаштары лицей мұғалімдерінің қатысуымен отырғызылды. Бұл – білім ордасына деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.
Іс-шараға қатысқан ұстаздар қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосып, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.






