19-НАУРЫЗ ЖАҢАРУ КҮНІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
наурыз
2026

19-НАУРЫЗ ЖАҢАРУ КҮНІ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің оқушылары 19 наурыз – Жаңару күні аясында «Цифрлық білім және жасанды интеллект: Shymkent Tech» көрмесіне қатыстырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды заманауи технологиялармен таныстыру, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.
Көрме барысында оқушылар AI, IT, VR және робототехника бағытындағы түрлі жобалармен танысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсете алды. Бұл күні ұйымдастырылған іс-шаралардың басты міндеті – білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жаңа технологияларға қызығушылығын ояту және болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру.
Оқушылар жасанды интеллект негіздерімен танысып, бағдарламалау, деректерді талдау және смарт жүйелер құру бағытындағы жобаларын ұсынды. IT бағыты бойынша робототехника саласында жасалған жұмыстар көрсетіліп, көрермендерге «робот-тазартқыш» тәжірибесі таныстырылды.
Робототехника саласында оқушылар түрлі робот үлгілерін құрастырып, олардың жұмыс істеу принциптерін көрсетті. Бұл бағыт логикалық ойлау мен инженерлік дағдыларды дамытуға зор ықпал етеді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында тәжірибелі мамандармен кездесулер ұйымдастырылып, оқушыларға кәсіби бағдар беру мүмкіндігі жасалды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив