“ҰЛТТЫҚ КИІМ -ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ” БАЙҚАУЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “ҰЛТТЫҚ КИІМ -ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ” БАЙҚАУЫ
19
наурыз
2026

“ҰЛТТЫҚ КИІМ -ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ” БАЙҚАУЫ

Наурызнама онкүндік іс-шаралар жоспары аясында 18 наурыз күні  Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейімізде ұлттық құндылықтарды жаңаша форматта насихаттауға бағытталған мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты этностиль күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында ұлттық сана мен рухани құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық киімдердің ерекшелігін таныту және оны заманауи үлгіде дәріптеу болды.
Іс-шара барысында оқушылар сәнді ұлттық нақыштағы киім үлгісі бойынша өз шығармашылықтарын танытып, қазақ халқының дәстүрлі киімдерін қазіргі заман сәнімен үйлестіре отырып ерекше форматта ұсынды. Сән көрсетілімі кезінде әр сынып өздерінің дайындығын, талғамын және ұлттық нақышқа деген құрметін айқын көрсете білді. Қатысушылар тек киім үлгілерін таныстырып қана қоймай, оның тарихы мен маңыздылығы туралы мазмұнды ақпараттар беріп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар, «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» тақырыбында фотобайқау ұйымдастырылып, оқушылардың эстетикалық талғамы мен креативті ойлау қабілеті айқын көрініс тапты. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар арнайы марапатталды. 
Бұл іс-шара – жас ұрпақтың ұлттық болмысын сақтауға, мәдени мұраны құрметтеуге және оны дәріптеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Ұлттық киім арқылы ұлттың тарихы мен рухы көрініс табатынын ұғынған оқушылар үшін бұл күн ерекше тәрбиелік мәнге ие болды.
Аталған іс-шараны  ұйымдастырып, оқушылардың белсенді қатысуына ықпал еткен сынып жетекшілерге  алғыс білдіреміз.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – болашаққа бағытталған берік қадам!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив