28
ақпан
2026
“ОҚУШЫЛАРМЕН ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ НЫҒАЙТУ” ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде тарих пәні мұғалімі А.Р.Жарықбасовтың қатысуымен оқушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.
Кездесу барысында зайырлылық қағидаттарын нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу, діни экстремизм мен терроризм идеяларынан сақтану мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушыларға заң талаптарын сақтау, сыни ойлау және дұрыс ақпаратты ажырата білу жөнінде маңызды түсіндірмелер берілді.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.



