10
қазан
2025
ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ-ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
10 қазан 2025 жылы лицейімізде «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейде оқушылармен зайырлылық қағидаттарын нығайту, қылмыстың алдын алу, діни экстремизм мен терроризм идеяларынан қорғау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуді лицейдің ДТІЖО А. Р. Жарықбасов өткізді. Ол өз сөзінде қазіргі қоғамда зайырлылық ұстанымын сақтау, дін мен мемлекеттің өзара байланысы, жасөспірімдердің діни сауаттылығын арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар жастар арасында жалған діни ағымдардың зияны, интернет кеңістігіндегі теріс ақпараттардан сақтану және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары туралы маңызды мәліметтер берілді.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың бойында рухани иммунитет, жауапкершілік пен құқықтық мәдениет қалыптастыру, әрбір жас азаматтың өз таңдауына саналы түрде қарауға және қоғам тұрақтылығын сақтауға үлес қосуға бағыттау болды.
Оқушылар кездесуге белсене қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өмірлік маңызы бар кеңестер алды.
Мұндай түсіндіру жұмыстары Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Адал азамат» бағыты шеңберінде жүзеге асырылып, өскелең ұрпақты патриоттық рухта, құқықтық сауатты және зайырлы көзқараста тәрбиелеуге негізделген.
Бұл іс-шараның өзегі – адалдық, жауапкершілік, рухани тұрақтылық және азаматтық ұстаным құндылықтарын оқушылар бойына дарыту.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың саналы өмірлік бағытын қалыптастырып, экстремизм мен теріс идеологияға қарсы тұра алатын зайырлы тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.


