24
ақпан
2026
РЕФЕРЕНДУМ-2026: ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.
2026 жылғы 23 ақпан күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі ұстаздарымен Қазақстандағы қоғамдық-саяси маңызы зор алдағы 15 наурызда өтетін референдумға байланысты Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде мазмұнды түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – педагог қауымға еліміздің құқықтық дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіру, қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық жауапкершілікті нығайту болды.
Ауқымды кездесуге ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар құрметті қонақтар қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Конституциялық комиссия және Жалпыұлттық коалиция мүшесі – Нұрлан Бекназаров
ҚР Парламенті Сенатының депутаты – Айгүл Қапбарова
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі – Бақытжан Позилов
Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы директоры – Алмасходжа Қайыпов
AMANAT партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы – Орынбасар Лештаев
Кездесу барысында спикерлер Конституцияға енгізілетін өзгерістердің ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, құқықтық мемлекет қалыптастыру, әділетті қоғам құру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту бағытындағы жаңашылдықтар туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Осындай мазмұнды кездесулер қоғамның саяси сауаттылығын арттырып, азаматтардың ел тағдырына бейжай қарамайтын белсенді ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Әсіресе, ұстаздар қауымы – жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін маңызды тұлғалар болғандықтан, мұндай түсіндіру жұмыстарының маңызы ерекше.
Кездесу өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында өтіп, қатысушылар ел дамуына қатысты маңызды мәселелер бойынша ортақ пікір алмасып, ұлттық бірлік пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға үлес қосты.









