ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ-ҚОҒАМ СЕНІМДІ ЖОЛ“ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ-ҚОҒАМ СЕНІМДІ ЖОЛ“ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
06
ақпан
2026

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ-ҚОҒАМ СЕНІМДІ ЖОЛ“ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ

«Жемқорлықсыз – қоғам сенімді жол» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары өтті.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен 2025–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жемқорлықсыз – қоғам сенімді жол» тақырыбында ауқымды түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында лицейдің белсенді оқушылары сыныптарды аралап, өз қатарластарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды ақпараттар ұсынды. Олар адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңға құрмет сияқты негізгі құндылықтардың қоғам дамуы үшін маңызын жан-жақты түсіндіріп, жемқорлықтың мемлекет пен азаматтардың болашағына тигізер кері әсері, оның білім беру саласындағы көріністері және алдын алу жолдары туралы нақты мысалдар келтірді.
Түсіндірме жұмыстары барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, парақорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білу, кез-келген заңсыз әрекетке төзбеушілік таныту қажеттігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, жастардың азаматтық ұстанымын нығайту, белсенді өмірлік позиция қалыптастыру және әділ қоғам құру жолындағы әрбір адамның рөлі кеңінен қозғалды.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, пікір алмасу мен сұрақ-жауап арқылы оқушылардың қызығушылығы арта түсті. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылықты сіңіруге, жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік қадам екені айтылды.
Лицейімізде өткізілген бұл түсіндірме жұмыстары оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеріп, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шаралар жалғасын тауып, адал ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив