ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН” ЖОБАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН” ЖОБАСЫ
04
ақпан
2026

ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРЕН” ЖОБАСЫ

Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты   Ө.Жолдасбеков  атындағы №9 ІТ лицейімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Еңбегі адал жас өрен» жобасы шеңберінде тәрбиелік маңызы зор шебер сабағын  өтті.
Аталған жоба бойынша ДТЖЖО Н. Р. Дусметова оқушылармен бірге текстиль материалынан қуыршақ жасау бойынша шығармашылық шеберлік сабағын ұйымдастырды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа еңбектің қадірін түсіндіру, қолөнерге баулу, шыдамдылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу болды.
Шеберлік сабағы барысында оқушылар түрлі маталармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеріп, қуыршақтың пішінін жасау, тігу, сәндеу жұмыстарын өз қолдарымен орындады. Әрбір бала өз қиялын пайдаланып, ерекше бейнедегі бұйым жасап шығаруға тырысты. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып қана қоймай, бірлесіп еңбек ету мәдениетін қалыптастыруға үлкен ықпал етті.
Н. Р. Дусметова оқушыларға еңбекқорлықтың, адалдықтың, жауапкершіліктің адам өміріндегі орны туралы түсіндіре отырып, кез келген істі ықыласпен және сапалы атқарудың маңызын атап өтті. Шара барысында балалар өз еңбегінің нәтижесін көріп, жасаған бұйымдарына ерекше қуанышпен қарады.
Осындай тәрбиелік мәні жоғары жобалар арқылы лицейімізде оқушылардың жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне және адал еңбекті қадірлей білетін тұлға болып қалыптасуына зор көңіл бөлінуде.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив