АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қаңтар
2026

АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР !

Шымкент қаласы білім басқармасы мен Шымкент қалалық полиция департаментінің жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша хатына сәйкес, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде оқушылармен жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жапон әдісі бойынша практикалық форматта түсіндіру-профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында Шымкент ҚПД-ның Әл-Фараби АПБ-ның ҚҚБ ЮПБ инспекторы, полиция майоры Байсеитов Саттар Мустафаевич оқушыларға жолда өзін дұрыс ұстау ережелері, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қауіпті жағдайлардың себептері мен салдары туралы кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында түрлі өмірлік жағдайлар мысалға алынып, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс алгоритмдері көрсетіліп, тәжірибе жүзінде пысықталды. Мұндай профилактикалық жұмыстар білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив