22
қаңтар
2026
ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ
"Тарих және география " апталық аясында 9 «В» сыныбына Петровская А.В тарих пәнінен «Швед социализмі» тақырыбындағы ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты мен міндеттері нақты қойылып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Мұғалім Швеция елінің әлеуметтік-экономикалық даму моделін талдау арқылы оқушылардың аналитикалық ойлау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға жағдай жасады.
Сабақ құрылымы логикалық тұрғыда дұрыс құрастырылған, оқушылардың белсенділігі қамтамасыз етілді. Қолданылған әдіс-тәсілдер оқу мазмұнын меңгеруге тиімді әсер етті. Ашық сабақ білім беру бағдарламасының талаптарына сай өтті және педагогтің кәсіби шеберлігін көрсетті.

