12
қаңтар
2026
ЖОЛДА ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Шымкент қаласы Әкімшілік полиция басқармасы мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, қала мектептерінің 600 оқушысына арналған кең ауқымды практикалық дәріс өткізді.Іс-шараға лицейіміздің 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Балаларға жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігі, жолды дұрыс кесіп өту, бағдаршам белгілерін сақтау, сондай-ақ көлік жүргізушілері үшін қауіпті болып саналатын «соқыр аймақ» (blind zone) ұғымы түсіндірілді.
Оқушылар ірі көліктер мен автобустардың айналасында жүргізуші көрмей қалуы мүмкін аймақтар бар екенін, сол себепті көлікке тым жақын тұрмау және жолдан өту кезінде ерекше сақ болу қажеттігін тәжірибе арқылы үйренді.
Сабақ интерактивті форматта өтіп, нақты мысалдар арқылы балалардың жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдылары қалыптастырылды.
Мұндай профилактикалық шаралар — балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған маңызды жұмыс.


