09
қаңтар
2026
ЛИЦЕЙІШІЛІК КЕЗЕКШІЛІК ТӘРТІП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ КЕПІЛІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінің жүйелі өтуі және лицейішілік тәртіпті сақтау мақсатында лицейішілік кезекшілік кестесі ұйымдастырылды.
Аталған жұмыс ДТЖЖО Н.Р. Дусметова мен А.Т. Асилова жетекшілігімен жүргізілуде. 1 және 2 кезекші мұғалімдер бекітілген орындарда өз міндеттерін талапқа сай, жауапкершілікпен атқаруда.
Кезекшілік барысында лицей аумағындағы тәртіп, оқушылардың қауіпсіз қозғалысы, лицей ережелерінің сақталуы қадағаланып, алдын-алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар білім алушылардың бойында тәртіптілік, жауапкершілік, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.




